04.07.2023, 16:20

Астанада студенттердің кеші көңілсіз аяқталды

CC0 / Skitterphoto /
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Астанада университеттің 3-курс студенті полицияға арызданып, курстастарымен кездесуден кейін IРhone 13 және Samsung A-33 телефондары жоғалып кеткенін айтқан, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында төрт жігіттің кеш ұйымдастырғаны анықталды. Бір жігіт жәбірленушінің мас болғанын пайдаланып, пәтерден екі ұялы телефонды жасырын алып шыққан.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бейнебақылау камерасы арқылы кіреберісте бөгде адамдардың болмағаны анықталды.

Полицейлер гаджеттерді табу үшін жоғарғы қабаттан жертөлеге дейінгі кіреберісті тінтіп, ұрланған телефондарды қоқыс арасынан тапты.

Студенттердің бірі ұрлық жасағанын мойындады, смартфондар иесіне қайтарылды.

Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.