$ 494.87  520.65  4.91

Жүрсін Ерманның орнын кім басады: aқын айтыстың тізгінін кім ұстайтынын мәлім етті

Жүрсін ағаның қазір айтысты жүргізетіндей шамасы болмай жүр.
Фото: БазарLike
Фото: БазарLike

Ақын Рүстем Қайыртайұлы айтыстағы Жүрсін Ерманның орнын кім басуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы El.kz порталының YouTube-тегі БазарLike жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жарты жылдай болды, Жүрсін ағамыздың орнына айтысты Аманжол Әлтаев ағамыз жүргізіп жүр. Өзі ұйымдастырып жүр. Қаржы мәселесін, бәрін Аманжол аға шешіп жүр қазір. Аманжол аға айтысты аты бар азамат. Кейін енді айтысты қойып, шығармашылыққа, ғылымға көңіл бөліп, қазір үлкен биліктің де тізгінін ұстап отыр. Жалпы айтыстың жүргізушісі, айтысты алып жүретін адамның қолында билік болғаны жақсы. Біріншіден - назар аударту, екіншіден - ақындардың қам-харекетін дұрыстату. Одан кейін талап ете алатындай оның аузы да, бет-келбеті де дуалы болуы керек. Аманжол ағамыз соған сай деп айта аламын.

Содан кейін Ринат Зайытовты айтыстың тізгінін ұстайтын азамат деп есептеймін, жалпы. Билікте қанша болатынын білмеймін. Өйткені Ринаттың ішкі әділдігі бар. Өзі де шырылдатып шындықты айтқан. Өзінің жарқырап көрінген кезі болды. Аяқтан шалуды да басынан өткерді.

Аманжол аға мен Ринаттан айтыстың болашағын, жүргізуін, жүгін арқалауын елестете аламын. Жүрсін ағаның қазір айтысты жүргізетіндей шамасы болмай жүр. Алдағы айтысты Аманжол аға жүргізеді. Семейдегі айтысты Ринат жүргізеді. Ақырындап анықталып жатқан сияқты", - деді Рүстем Қайыртайұлы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары