Алматыда 2023 жылы 4 шілде күні кешке ер адам көпқабатты үйдің 11-қабатынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
Қалалық полиция департаменті бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша тіркелгенін мәлімдеді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм (1986 жылы туған) психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған".Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіСондай-ақ полиция бір айдай бұрын, 8 маусымда ол өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Сол жолы Алмалы ауданының учаскелік инспекторлары 11-қабаттың терезесінде отырған 37 жастағы алматылық азаматты аман алып қалған. Инспекторлардың бірінің айтуынша, ер адам неге секірмекке әрекеттенгенін түсіндіріп бере алмаған.