$ 473.98  504.03  4.93
Жаңалықтар 05.07.2023 сағат 18:20

Астанада балабақша тәрбиешілері балаларды қараусыз қалдырып, «естен танғанша» ішімдік ішкен

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.
Астанада балабақша тәрбиешілері балаларды қараусыз қалдырып, «естен танғанша» ішімдік ішкен
Фото:elements.envato.com

Астана полицейлері балабақшалардың бірінде педагогтерді мастық салдарынан ес-түссіз күйде тапқан. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана Полиция департаментінің тілшіге берген мәліметі бойынша, балабақшадағы оқиға туралы ақпарат 4 шілде күні түскен.

"102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар қараусыз қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Келгеннен кейін полиция қызметкерлері деректі растады: педагогтер масаң күйде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды, - деп хабарлады ПД.

Дерек бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар