$ 443.37  474.49  4.83

Астанада жаңа саябақ ашылды

Іс-шараның құрметіне орай арнайы концерт өткен.
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада Ailand отбасылық демалыс орталығының жанында жаңа аттракциондар паркі ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Іс-шараның құрметіне орай арнайы концерт өткен.

Саябақта карусель, неше түрлі машиналар арқылы көңіл көтеруге болады, сонымен қатар балалардың сумен ойнауына да мүмкіндік қарастырылған.

Аттракциондардың жанында демалуға және тамақтануға арналған көлеңкелі орындықтары бар жасыл аймақ орналасқан.

Саябақ үш жастан асқан балаларға арналған. Салтанатты ашылғаннан кейін жұмысына бірден кірісті. Жаз мезгілі аяқталғанға дейін күн сайын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаңа ойын-сауық алаңы бүгін 25 жылдығы атап өтіліп жатқан қаламыздың бір бөлігі болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын құттықтаймын және саябақтың ашылуына орай өтетін концертте уақытты көңілді өткізуді тілеймін! – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Сәрсенғали Ақжолов.
Жиылған жұрттың алдында музыкалық ансамбльдер, шығармашылық студиялар интерактивті ойындар ұйымдастырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары