07.07.2023, 05:30

Абай облысының тұрғыны бақшасын есірткі плантациясына айналдырған

Фото: Pixabay
Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады.

Полицейлер Абай облысының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам түп қарасора тәркіледі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. "Қарасора-2023" жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Абай облыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткіні заңсыз өсіру фактісін анықтады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Старая Крепость ауылының шетінен қоршалған плантацияны анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі

"Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.