$ 439.43  473.31  4.82

Александр Бублик алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына шықты

Басқа қазақстандықтар қуанта алмады.
Фото: Olympik.kz
Фото: Olympik.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик спорт жолында алғаш рет Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:4. Екіншісінде қарқынын тіпті үдетті - 6:1.

Үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:4).

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта А.Бублик 10 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублев немесе рейтингте 123-сатыдағы бельгиялық Давид Гоффеннің біреуімен таласады.

Бүгін басқа қазақстандықтар қуанта алмады.

Андрей Голубев жұптық сында америкалық Максим Крессимен бірге жарыстың 11-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Гласспул - франциялық Николя Маюға жол берді - 4:6, 6:7 (4:7).

Юлия Путинцева чехиялық Линда Фрухвиртовамен бірге бельгиялық Ульрикке Эйкери - ресейлік Александра Пановадан жеңіліп қалды - 2:6, 6:2, 5:7.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдонда екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#теннис