08.07.2023, 11:30

Ресейдегі зауыттардың бірінде болған жарылыстан алты адам көз жұмды

© Sputnik / Кирилл Каллиников
Тағы екі адам ауыр жарақат алған.

Ресейдің Самара облысындағы «Промсинтез» зауытында жарылыс кезінде алты адам қаза тапты. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Төтенше жағдайлар қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Чапаевск қаласындағы «Промсинтез» зауытында қондырғыларды бөлшектеу және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жарылыс болған.

«8 адам зардап шекті. Олардың алтауы көз жұмды», - дейді құтқарушылар.