08.07.2023, 12:30

Алматыда ер адам полицейлердің көзінше бұрынғы әйелін соққыға жыққан

Фото: stan.kz
Әйел одан қашу үшін тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп отыруға мәжбүр.

Алматыда ер адам бұрынғы азаматтық жұбайын ұрып-соғып, ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлерін де балағаттап, қол көтерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ер адам алдымен бұрынғы жұбайын тұншықтырып, содан кейін оны соққыға жыққан. Жақын жерде болған куәгерлер әйелге араша түсіп, полиция шақырды. Агрессивті ер адам ұсталған кезде полицейді ұрып-соқты.

NeMolchi.kz қорының каналында оқиға Түрксіб ауданында болғаны айтылды.

Көру қабілеті бойынша бірінші топтағы мүгедек ер адам әйелді ұрып тастаған. Олардың ортақ баласы бар екен. Бұл жағдай бір жылдан астам уақытқа созылды.Үйін, көлігін өртеп, түрлі қастандық жасаған, аңдыған, – деп мәлімдеді. 

Олардың айтуынша, құқық қорғау органдары ештеңе істей алмайды. Себебі ер адамның мүгедектігі бар. 

Әйел одан қашу үшін тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп отыруға мәжбүр. Ол біраз уақыт дағдарыс орталығында тұрды. Ал бұл қаскөй Ресей азаматы, оның тіпті азаматтығы жоқ, – делінген видеода.