08.07.2023, 15:30

Үйлену тойында достары аспанға лақтырған жігіт есінен танып қалды

Фото: stan.kz
Қонақтардың күлкісі мен қуанышты айқайы кенет басылып, жиналғандар көмекке ұмтылған.

Вьетнамда достары күйеу жігітті аспанға лақтырып жіберіп, абайсызда құлатып алған. Салдарынан ол есінен танып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға жас жұбайлардың достарымен және туыстарымен фотосессиясы кезінде болған. Тойға келген жігіттің достары гүл аркасының астына жиналып, күйеу жігітті аспанға лақтыра бастаған. Осы сәтте олар абайсызда оны ұстай алмай жере құлатқан.

Күйеу жігіт есінен танып, жерде қозғалмай жатып қалған. Қонақтардың күлкісі мен қуанышты айқайы кенет басылып, жиналғандар көмекке ұмтылған. 

Жарақатына қарамастан, күйеу жігіт көп ұзамай оянып, орнынан тұрды. Ер адам есеңгіреп, қиналып тұрғанымен қонақтарды тыныштандыруға тырысып күліп бәрі жақсы екенін айтқан.

Мұны көрген желі қолданушылары той иелерін айыптады. "Адамдар, мұндай ойындар кезінде тым әсірелеп жібереді. Қайта оған ештеңе болмаған. Егер ол оянбаса, бұл тойдан басқа нәрсеге айналар еді ", - деді қолданушылар.