$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр

Осыған байланысты арнайы комиссия құрылды.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл туралы кеше, 7 шілдеде сағат 23:00-де ақпарат түскен.

«Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жайт туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен құралған комиссия балық қырылды деген орынды тексеру үшін жолға шықты», -деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, Нарын каналы Исатай ауданында орналасқан.

«Нарын каналында балықтың қырылу дерегі анықталды. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылды. Комисся мүшелері бекітілген балық қырылған аумаққа барып, тиісті алгоритмге сәйкес мәселенің мән-жайын зерделеуді бастады. Комиссия құрамында Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының, Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы мен экология департаментінің өкілдері бар», - деп хабарлаған еді Артур Сәдібекұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары