Павлодарда "Артур-1" сауда үйінің желге ұшқан шатырының астында қалып қойған екі ер адамды қабылдаған қалалық бірінші ауруханасы науқастардың бүгінгі жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
"Екі науқастың бірі полижарақаттар бөліміне ауыстырылды. Жағдайы тұрақты. Ол толық есін біледі. Науқастың жағдайы жақсарғаннан кейін қажетті ота жасалады", - деді ауруханадағылар.
Екі науқаста қажетті ем-домды алып жатыр.
Еске сала кетейік, "Артур" сауда үйінің шатыры мен бүйір жабынының опырылуы салдарынан екі адам зардап шекті.
Ал бүгін кеше шатыры желге шыдас бермей, опырылып түскен "Артур-1" сауда үйінің басшылығы төтенше жағдайға қатысты түсінік беріп, зардап шеккендерден кешірім сұраған болатын.
Қалада апатты жою жұмыстары жалғасып жатыр.