Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды POLISIA.KZ.
8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.
Күдікті, Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.