$ 484.11  528.79  5.03

Алматыда мұғалімнің жұлыны үзіліп кеткен

Олардың айтуынша, 52 жастағы мұғалім ағаштан құлап, жұлыны үзіліп кеткен.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

 Алматыда жеміс теруге шыққан мұғалім жұлыны үзіліп қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол жеміс теру үшін ағашқа өрмелеп шыққан. Сол кезде абайсызда құлап кетіп, көз жұмған. Мұғалімнің қайтыс болғанын қалалық білім басқармасы да растап отыр.

Индира Мейрамбекқызы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 5 маусымнан бастап еңбек демалысында болды. 6 шілделе Алатау аудандық ішкі істер басқармасынының бөлім басшысы хабарласып, болған жағдай туралы айтып берді, - дейді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Педагогты әріптестері білікті маман еді дейді.

"Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында ерен еңбек етті", - деп еске алды әріптестері.

Олардың айтуынша, 52 жастағы мұғалім ағаштан құлап, жұлыны үзіліп кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары