$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан аумағын Ресейге беруді ұсынған жезқазғандықтың үстінен іс қозғалды

Сондай-ақ, жуырда чат-рулеткадағы әңгіме барысында қазақтарды қорлаған қарағандылық әйелдің үстінен іс қозғалған.
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Қазақстан аумағын Ресейге беруді ұсынған азамат Сысоевқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, қылмыстық іс ҚК-нің 180-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған (ҚР тұтастығын бұзуға насихаттау немесе жария түрде шақыру-1000-нан 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

Еске салайық, бұдан бұрын "Александр Сергеевич" деп таныстырған Жезқазған тұрғыны Ресей Қазақстанның солтүстігін "алғашқы орыс территориясы" деп санайтыны туралы пікірге жауап ретінде Ресей Федерациясына елдің бүкіл аумағын беруді ұсынды.

Сондай-ақ, жуырда чат-рулеткадағы әңгіме барысында қазақтарды қорлаған қарағандылық әйелдің үстінен іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары