10.07.2023, 15:40

Семейдегі жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды

Фото: видеодан скриншот
Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Семейде жантүршігерлік жол апаты бейнебақылауға түсіп қалды 20 маусым Audi 100 көлігін басқарған 19 жастағы жүргізуші Шәкәрім даңғылының бағытындағы көпірінен кейін рөлді басқара алмай, бағананың тірегіне соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Салдарынан жүргізуші ауруханада есін жимастан қайтыс болады.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның барлық мән - жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.