$ 477.25  500.25  4.81
1xadv
Жаңалықтар 10.07.2023 сағат 17:20

Шуда екі бала кәріз суына батып кетті

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Шуда екі бала кәріз суына батып кетті
Фото: pixabay

Шу қаласында кәріз тазарту қондырғысынан екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Ресми мәліметке сәйкес, 9 шілде күні кешкі сағат 18.00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шықты.

Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды, - дейді құтқарушылар.

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар