Бұл туралы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өткен жылыту маусымы елорда үшін жылу қуатының зор тапшылығымен өтті. Негізінде жылы қыстың арқасында коллапстан жалтара алдық. Бұған қоса жергілікті билік шын мәнінде оларды қалыпты жылумен қамтамасыз етуге дайын емес бола тұра, миллиондаған шаршы метр тұрғын үйдің құрылысына көмек беруді жалғастыруда. Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту көбіне коммуналдық кәсіпорындарды басқаратын лауазымды тұлғалардың кәсібилігіне байланысты, - деді Тоқаев.
Осы ретте Мемлекет басшысы елорда әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың коммуналдық кәсіпорындарының басшылық құрамына талдау жүргізу тапсырылғанын атап өтті.
Бұл тапсырма, менің түсінуімше, әлі де орындалу сатысында тұр. Елордада ЖЭО-ны – заңгер, Өңірлік электр желілік компанияны – бағалаушы, жылутранзитті – агроном, қалалық су арнасын – зоотехник басқарып жүр. Әркім өз кәсібімен айналысуы керек. Әйтпесе жұмыс нәтижелері соған «лайық» болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.