$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әуежайын басып алу ісі: күдіктілерге сот үкімі шықты

Биыл 30 наурызда Алматыда «Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу» ісі бойынша бес адамның соты басталған.
Фото: Qaz365.kz
Фото: Qaz365.kz

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу туралы іске байланысты шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биыл 30 наурызда Алматыда «Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу» ісі бойынша бес адамның соты басталған. Осыған дейін Әйгерім Тілеужан үйқамақта, өзге төртеуі былтыр көктемнен бері тергеу абақтысында отырды.

Сонымен сот шешімімен белсенділер Қалас Нұрпейісов,  Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтерге  8 жыл, журналист Әйгерім Тілеужанға 4 жыл берілді. 

Судья журналисті қамауға алуға бұйрық берді. Сот шешімі бойынша ол жазасын қауіпсіздік дәрежесі орта деңгейдегі колонияда өтейді.

Бұғар дейін прокурор Бекзат Сейтімбет судьядан айыпталушылар Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтерге 11 жыл, Әйгерім Тілеужанға бес жыл жаза сұраған еді.

Әйгерім соттағы соңғы сөзінде бас прокурор Берік Асылов Қалас Нұрпейісов екеуін Кәрім Мәсімовпен бірге атап, «Экстремистер Алматы әуежайын басып алмақ болды» деп бірқатар заңсыздық жасап, жалған ақпарат таратты деп айтты.

Мен ешқандай діни-экстремистік ұйымның мүшесі емеспін. Біз осыған байланысты ҰҚК мен прокуратураға сауал жолдап, жауап алдық. Ол менің абыройыма нұқсан келтіретін ақпарат таратты. Сонымен қатар кінәсіздік презумпциясын бұзды. Яғни сот болмай жатып, бізді айыптап, соттап жіберді, – дейді Әйгерім Тілеужан.

Ол Қаңтар оқиғасы кезінде халықпен бірге болғанына еш өкінбейтіндігін де жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары