11.07.2023, 17:40

Төтенше жағдайлар вице-министрі Тоқаевтың сынынан кейін отставкаға кетуге өтініш берді

Фото: primeminister.kz
Президент уәкiлеттi органдардың оқиғаға қалай әрекет етуiне және олардың төтенше жағдайдағы iс-әрекеттерiне қатты наразылығын бiлдiрдi.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Абай облсындағы өрт кезінде Мемлекет басшысы айтқан сыннан кейін қызметінен кетуге өтініш жазған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев маусымның басында ірі орман өрті болған Абай облысындағы жедел штаб отырысында вице-министр Марат Күлдіковтің баяндамасын үзген болатын. Президент уәкiлеттi органдардың оқиғаға қалай әрекет етуiне және олардың төтенше жағдайдағы iс-әрекеттерiне қатты наразылығын бiлдiрдi.

Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?! 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді, - деді сол кезде Тоқаев.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі вице-министр Күлдіков жұмыстан босату туралы хаттама толтырғаны туралы ақпаратты растады.

Вице-министр Марат Күлдіков өз еркімен жұмыстан босату туралы хаттама жазғанын растаймыз. Қазіргі уақытта оны жұмыстан босатуды келісу рәсімі жүргізіліп жатыр, - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.