$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар мұнай-химия зауытына қатысты қылмыстық тергеу басталды

Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков мәлім етті.
Фото: pavlodarnews.kz
Фото: pavlodarnews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық істі бірнеше бап бойынша қарастырып жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков мәлім етті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ПМХЗ бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс ҚР КК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу), 197-бап (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау), 214-бап (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бойынша қарастырылуда, – дейді Марлен Сламбеков.

Ол биыл Павлодар мұнай-химия зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай лауазымдық өкілеттігін асырғаны үшін 3,5 жылға сотталып кеткенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары