$ 482.77  509.71  5
Жаңалықтар 12.07.2023 сағат 14:20

Павлодарда «Қазпошта» филиалы басшысының орынбасары сотталды

Ол мердігер ұйым өкілінен 2 миллион теңге сомасында пара алған.
Павлодарда «Қазпошта» филиалы басшысының орынбасары сотталды
Фото:elements.envato.com

"Қазпошта" АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

Ол филиалдың автошаруашылығы аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілінен 2 миллион теңге сомасында пара алды. Сотталған адамға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар