12.07.2023, 14:40

Бүгін «Астана» Чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды

Фото: Фото: ©ФК "Астана"
Екі команда арасындағы қарымта ойын 19 шілдеде Тбилисиде өтеді.

Бүгін "Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды, деп хабарлайды massaget.kz.

Бірінші іріктеу кезеңі аясында елордалық команда Тбилисидің "Динамо" командасымен ойнайды.

Ойын "Астана Аренада" өтеді, сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы хабар таратады. Ойынға танымал түрік төрешісі Джюнейт Чакыр қазылық жасайды. 

Екі команда арасындағы қарымта ойын 19 шілдеде Тбилисиде өтеді. Ұтқаны екінші іріктеу кезеңінде Загребтің "Динамо" командасымен кездеседі.