Атырауда жүк пойызы мен қоғамдық көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше, 11 шілдеде болған жол-көлік оқиғасын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Атырау қаласындағы Рауан көшесінде сағат 14:00 шамасында жүк пойызы мен жолаушылар тасмалдайтын қоғамдық көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына жолаушы тасымалдайтын Youtoung маркалы автобустың темір жол бойындағы қорғалмаған аумақпен жүргені себеп болған, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам жарақат алған.
Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлікте болған екі адамға медициналық көмек көрсеткен.
Зардап шеккендер облыстық аурухананың травматология пунктіне жеткізілген.