12.07.2023, 22:30

12 жылға сотталған бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың үкімі өзгеріссіз қалды

Фото: ТАСС
Мұрат Бектанов 12 жылға сотталған еді.

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляция алқасы экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа шыққан үкімді қайта қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды және заңды күшіне енді. Сотталған Мұрат Бектанов жазасын Абай облысының Семей қаласындағы ең жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді, - делінген мамандандырылған ауданаралық әскери сотының ҚазАқпарат жолдаған сауалға берген жауабында.