13.07.2023, 15:00

Алматыда Александр Невскийге ескерткіш орнатылды

Фото: Қазақстан Православие Шіркеуі
Қоладан құйылған Александр ескерткішінің қолында Аспан патшайымының ғажайып иконасы бар.

Бүгін Қазақстанның Православие Шіркеуі Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуын және Қазақстан Респбликасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тату көршілік туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толуын атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Осы мерейтойлық күндердің құрметіне Александр Невский соборының аумағында Ресейдегі әулиелер санатына жататын және еуразиялық кеңістік халықтары арасындағы байланыстарды орнатуға және славян мен түркі халықтары арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқан князь Александр Невскийге ескерткіш орнатылды.

Кішіпейіл тақуа, діни сенім қамқоршысы, бейбітшілік пен келісімнің хабаршысы ретінде бейнеленген, қоладан құйылған Александр ескерткішінің қолында Аспан патшайымының ғажайып иконасы бар.

Атаулы оқиғаға орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл өз құттықтауларын жолдады. Екі елдің көшбасшылары Князь Александрдың ізгі миссиясы мен бітімгершілік күш-жігерін, оның Еуразия кеңістігінде ұлтаралық және дінаралық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Іс-шараға дәстүрлі конфессиялардың жетекшілері, Қазақстан мен Ресейдің қоғам және саяси қайраткерлері, Қазақстан Православие Шіркеуінің архипастырлері қатысты.