$ 443.44  480.51  4.88

Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазіргі кезде бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Ішкі істер министрлігі елордадағы сауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық фактісі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ведомствоның телеграм каналына сілтеме жасап.

Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталығының фуд-кортында жанжал болып, қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген адамның кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталған еді.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, оқиға 18 маусымда болған. Астанадағы «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетінін мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары