$ 524.65  552.19  5.14

Астана мен Алматыда жалақысы ең жоғары бос жұмыс орындары белгілі болды

Маусым айында бұл порталда шыққан жұмыс орындары ұсынған орташа арифметикалық айлық 302 мың теңге болған.
Фото: zhasalash.kz
Фото: zhasalash.kz

HeadHunter платформасы Қазақстанның еңбек нарығы маусым айында қалай құбылғанына талдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маусым айында жұмыс берушілер hh.kz сайтына түрлі бағыттағы 57 мың бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл мамыр айындағыдан 1,5% аз. Ал 2022 жылдың маусымына қарағанда 25% көп, - деп жазады HeadHunter.kz.

Маусым айында бұл порталда шыққан жұмыс орындары ұсынған орташа арифметикалық айлық 302 мың теңге болған.

Бұл былтырғы маусым айының көрсеткішінен 13,5% жоғары. Ал медианды айлық 248 мың теңге болған. Бұл былтырғы маусымдағыдан 25% артық.

Маусым айындағы ең қымбат жұмыс орындары:

- Астана қаласында Frontend-бағдарламашыға (сайттар мен қосымшалардың медиадизайнын жасаушы – ред) 400 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қолына алатын айлық ұсынылған.

- Алматы қаласында конструктор мен тігіншіге қолға алатын 600 мың теңге қолға алтын айлық ұсынылған.

- Астанада маркетологқа қолына 600 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін айлық

- Алматыда сауда бөлімінің басшысына 500 мың теңгеден 1,2 млн теңге дейін

- Алматыда Junior/Middle Angular Developer «интерфейс әзірлеушіге 1 000 доллардан 2 500 долларға дейін айлық ұсынылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары