$ 514.65  544.6  5.17

Көкшетауда 1,5 жасар сәби 4-қабаттан құлап кетті

Қазір бала комада.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Көкшетауда 1,5 жасар сәби терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Терезеден баланың құлағаны туралы ақпаратты полицияға көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінің медбикесі айтқан.

Ауруханаға баланы ата-анасы жеткізген. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасының айтуы бойынша, кішкентай ашық терезенің москит торына сүйенген.

Бала 4-қабаттан көгалға құлады. Бұл кезде баланың анасы асүйде ыдыс жуып жүрсе, әкесі залда ұйықтап жатқан. Сырттағы адамдардың айғайын естігеннен кейін олар аулаға шығып, оқыс жайт салдарына куә болған. Олар бірден баласын аурухананың қабылдау бөліміне өз бетінше жеткізген, - деп мәлімдеді Ақмола облыстық Полиция департаменті.

Қазір бала комада. Алдын ала қойылған диагноз - бас миының ауыр жарақаты, мидың ауыр жарақаты және бас сүйектерінің сынуы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары