$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында жоғалған қыздың денесі табылды

Полиция қылмыстық іс қозғады.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Түркістан облысында жоғалған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалғанын айтып арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция ауыл тұрғындарының бірінің үйінен денесінде жарақаты бар қыздың денесін тапты.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынды. Істің мән-жайы анықталуда.

Тергеу Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары