14.07.2023, 11:00

Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды

Фото: ufc
Жұмағұлов төрешілердің шешімімен үшінші рет қатарынан жеңілді.

Аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC файтерлері тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Бұл туралы лиганың ростеріндегі өзгерістер туралы жариялайтын UFC Roster Watch Twitter-аккаунтында хабарланды.

Еске сала кетсек, Жалғас Жұмағұлов 24 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде UFC дебютанты америкалық Джошуа Ваннан жеңіліп қалған.

Бұл «Жаконың» қатарынан төртінші және UFC-де алтыншы жеңілісі болды. Сонымен қатар, Жұмағұлов төрешілердің бөлек шешімімен үшінші рет қатарынан жеңілді.