Сүйекті 13 шілде күні сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Адамның сүйегі табылғаны туралы факт талапқа сай тіркелді, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бассүйек адамдікіне ұқсайды. Соған қарамастан оған арнайы сараптама тағайындалды. Сараптама сүйектің кімдікі екенін және қай уақыттан бері жатқанын анықтауға мүмкіндік береді.