$ 494.87  520.65  4.91

Ғабиден Жәкей: Соттың үкімін қайта қарауды талап ету – заңға қайшы

Әділеттілік ешқашан айғай-шумен, атойлаған ұранмен орнамаған.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Қаңтар оқииғасы кезінде «Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырды» деген айыппен сотталғандарға Мемлекет басшысынан араша сұрап, соттың үкімін қайта қарауды талап етіп жатқандардың ісі заңға қайшы келеді. Бұл туралы қоғам белсендісі Ғабиден Жәкей өзінің facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қаңтар оқиғасы» кезінде «Алматы қаласындағы әуежайды басып алуды ұйымдастырды» деген айып тағылған азаматтарға қатысты соттың үкімі шықты. Алматы қалалық сотының үкімімен журналист Тлеужанова Әйгерім Еркінбайқызына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал Нұрпейісов Қалас Жайковичке, Кәрменов Жан-Айдар Амангелдіұлына, Шилибаев Ермұхамет Мәметұлы мен  Дәлібаев Нұрлан Смағұлұлына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қоғамда сот үкімімен келіспей, оған күмән келтірушілер мен наразылық білдірушілерді көзім шалды. Ешкім істің мән-жайы мен байыбына барып жатқан жоқ. Сотталушы әйел болғаннан кейін болар, эмоцияға беріліп, жанашырлықпен жанайқайын жеткізіп жатқандар да бар. Енді біреулер Мемлекет басшысынан араша сұрап, соттың үкімін қайта қарауды талап етуде.
Бірақ мұндай талап қоюдың өзі заңға қайшы келеді. Өйткені, құқықтық, әділетті қоғам құрамыз десек, біз мына нәрсені мұқият түсінуіміз керек. Соттың сот төрелігін іске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бір араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл Конститутцияда «тайға таңба басқандай» жазылған, - деді ол. 

Ғабиден Жәкейдің жазуынша, сотталғандарға Конституцияға, Қылмыстық процестік кодекске сәйкес өздерінің ұстанымдарын қорғауға мүмкіндіктер берілген. 

Қылмыстық істі сот органдарынан талап етуге және сот төрелігін іске асыру кезінде қандай да бір араласуға тыйым салынады. 
Сотта қылмыстық процесс кезінде қатысушы айыптау мен қорғаушы тараптар тең құқыққа ие. Оларға Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес өздерінің ұстанымдарын қорғауға тең мүмкіндіктер берілген. 
Сондықтан қандай лауазымды тұлға болмасын, ешкім де сот төрелігіне қарсы келе алмайды және оны бұза алмайды. Тек жоғары тұрған сот орындарына шағым түскенде ғана қайта қаралып, шешім шығарылады.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан соттың шешіміне қарсы кез келген сотталушылар өз құқықтарын қорғау үшін жоғары тұрған сотқа шағым түсіріп, заңда берілген барлық мүмкіндіктерді қолдануы қажет. 
Әділеттілік ешқашан айғай-шумен, атойлаған ұранмен орнамаған. Заң аясындағы тиянақты жұмыспен, өркениетті заң үстемдігі орнағанда ғана әділдік болады. 
Сотта жеткізе алмаған дәлелдерді қорғаушы тараптың жоғары тұрған сот орындарында жеткізуге толық мүмкіндігі бар. Ол үшін сотқа қоғамдық қысым жасамай, қорғаушы тараптың тиянақты жұмыс жасауына қолдау көрсеткен дұрыс.
Ал соттан не биліктің, не қоғамның ығына жығылып кетпей, әділ төрелігін айтуды күтеміз, - деп жазды қоғам белсендісі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары