Синоптиктер 15-17 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның синоптикалық жағдайы Қара теңіз аумағынан жылжыған терең циклон қалыптастырады.
Соған байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы болады, найзағай, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жаууы ықтимал, - делінген хабарламада.
Күндізгі температураның қысқамерзімді төмендеуінен кейін Қазақстанның:
солтүстігінде ауа температурасы +20+25-тен 25+33-ке дейін; солтүстік-батыста +18+30-дан +25+33-ке дейін; орталықта +25+33-тен +32+39-ға дейін; оңтүстікте 25+35-тен 35+42-ге дейін жоғарылайды.Сондай-ақ:
батыста температуралық фон +22+35 дейін; шығыста +27+35 дейін төмендейді.Еліміздің оңтүстік-шығысында температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.