$ 494.87  520.65  4.91

Оралда жол апатынан жеті бала зардап шекті

2017 жылғы қыз жансақтау бөліміне жатқызылды.
Фото: БҚО полиция департаменті
Фото: БҚО полиция департаменті

Оралда жол апатынан 10 адам зардап шегіп, 16 жасар қыз жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 12 шілде күні Зачаган кентінде Саратов тас жолы мен Е.Брусиловский көшесінің қиылысында болды.

Шамамен сағат 17.15-те 1991 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігімен келе жатып, жол қозғалысы ережесін қамтамасыз етпеген. Содан 1989 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Лада Ларгус» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі және 1989, 1993 жылғы жолаушылары облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оған қоса осы автокөлікте отырған 2010, 2011, 2013, 2015, 2017, 2020 және 2021 жылғы балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлады ведомстводан.

photo

 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні сағат 17.45-те жедел жәрдем бригадасымен жеті бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Дәрігер мамандар қарап, рентгенография, зертханалық зерттеулер және бүкіл қажетті тексеру жүргізген. 2017 жылғы қыз жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қалғандарына қажетті көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Облыстық ауруханаға түскен үш адамның жағдайы анықталу үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары