$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Фото: pxhere
Фото: pxhere

Қызылорда облысында Шымкент-Самара тас жолында соқтығысқан жолаушылар автобусының бір жолаушысы, сондай-ақ жеңіл көліктің жүргізуші де қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы ПД мәліметінше, 14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылының тұсында Шымкент-Самара тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Автобус Қызылорда - Қазалы бағытында қатынаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Жол апаты дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары