15.07.2023, 17:30

Семей орманында тағы өрт шықты – оқиға орнына министр барды

фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы да көмекке барды.

Абай облысындағы "Семей орманы" резерватында тағы өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін сағат 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаш жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына 100 өрт сөндіруші мен 20-дан астам техника жіберілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы да көмекке барды.

Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды. Ауа температурасы – 28 градус, солтүстік-батыс желі – 16 м/с.

Өрттің жанында "Шошқалы" демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, оларға демалыс аймағынан шығу ұсынылды, - дейді мамандар.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов та аттанды.

Тегтер: өрт ТЖМ Семей