15.07.2023, 22:30

Шымкентте еңбек демалысында жүрген полиция басқармасының бастығы ұсталды

Фото: © AP Photo / J Pat Carter
Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді.

Шымкент қаласында пара алды деген күдікпен көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті мен қалалық полицияның өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығын ұстады.

Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады, - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, былтыр Павлодарда көші-қон полициясы басқармасы бөлім бастығының орынбасары Өзбекстан азаматынан пара алғаны үшін үш жылға сотталған болатын.