$ 494.87  520.65  4.91

Италияда ереуілге байланысты 250 жолаушы ұша алмай қалды (ВИДЕО)

Өйткені қазір демалыс маусымы.

Италияда 250 мың жолаушы діттеген жеріне уақытында жете алмай, әлекке түсті. Оған әуежай қызметкерлерінің ереуілі себеп, деп хабарлайды 24.kz.

Наразылық акциясы салдарынан жүздеген рейс уақытында ұшпаған. Бірер күн бұрын елде темір жол қызметкерлері ереуіл ұйымдастырған еді. Бәрінің талабы бір - ашынған жұрт жалақысын көтеруді сұрайды. Италия көлік министрі наразы топты ақылға шақырып отыр. Өйткені қазір демалыс маусымы. Тиісінше ереуілдер әрі-бері қатынаған жолаушыларға өз кесірін тигізеді.

"Жолаушыларға қолайсыздық туғызғанымыз өкініші. Біздің мақсатымыз басқа. Біз еңбек министрі мәселеге назар аударғанын қалаймыз. Ал ондағылар болса, ескертуімізге қарамастан, келіссөздерге көнбей, ереуілге бір күн қалғанда ғана бізді кездесуге шақырды. Олар бұған дейін қайда болды?" - дейді Көлік одағының өкілі Сара Ди Марко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары