$ 498.34  519.72  4.85

Маңғыстау облысында көшеде жаппай төбелес шығарғандар ұсталды

Олар үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі мүмкін.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінің бойында екі топ жігіт арасында төбелес шықты. Оқиға 15 шілдеге қараған түні таңғы сағат 03:30 шамасында болған, деп хабарлайды Lada.kz сайты.

Тәртіп сақшылары 24-25 жас аралығындағы алты күдіктіні анықтап ұстады.

Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СЖБ) тіркелді, - деді полиция қызметкерлері.

Жаппай төбелеске қатысушылар үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары