17.07.2023, 14:40

Атырауда адам азаптаған 5 полицейдің ісі сотқа жіберілді

Коллаж: Ulysmedia.kz
Ведомство мәліметінше, олар биылғы жылдың ақпанында алдын ала сөз байласып азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді.

Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, олар биылғы жылдың ақпанында алдын ала сөз байласып азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді.

Еліміздің Ата заңы кепілдік бергендей, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды және заңды негіздерді қоспаған жағдайларды қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол берілмейді, – деп атап өтті прокуратура.