Астана қаласында ересектер арасында белбеу күрестен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысты. Әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады. Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Ол 5 елден келген спортшылармен күресті. Финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті.