$ 443.44  480.51  4.88

Астанада көлік салонынан ұрлық жасаған азамат қолға түсті

Бұл ұрлыққа осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған 34 жастағы Астана тұрғынының қатысы барын анықталды.
Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Астанада бейнебақылау камерасының көмегімен көлік салонынан ұрлық жасаған азамат қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасына қала тұрғынынан түнгі уақытта Жеңіс даңғылы бойындағы тұрғын үйдің тұрағынан ВАЗ-2109 автокөлігінен құны 120 мың теңге тұратын құрал-саймандар жинағы ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Тергеу барысында полицейлер бұл ұрлыққа осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған 34 жастағы Астана тұрғынының қатысы барын анықтады.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы ұрының жолын қадағалап, оны тұрғылықты жерінде ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Көбінесе көліктердің салонындағы ұрлықтар жүргізушілердің абайсыздығынан болады. Көлік құралын қалдырған кезде автокөліктің есіктері мен жүксалғышын жауып, салоннан барлық құнды заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Жүргізушілерге көлікті күзет сигнализациясымен жабдықтауды және қауіпсіз тұрақтарға қоюды ұсынамыз, – дейді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары