$ 443.44  480.51  4.88

Видеоға түсіріп, қорқытқан: 50 жастағы ер адам 14 жастағы өгей қызын зорлап келген

Ол қамауға алынды.
Фото: NEGE.KZ
Фото: NEGE.KZ

Түркістан облысында 50 жастағы ер адам 14 жастағы өгей қызын үш жыл бойы зорлап келген, деп хабарлайды NEGE.KZ.

Еркек барлығын видеоға түсіріп, интернетке жариялаймын деп қызды қорқытқан.

Төлеби аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне жергілікті тұрғын (15 жастағы қыздың туысы) хабарласып, жан түршігерлік оқиға туралы хабарлаған. Полицейлер "Зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ер адам қамауға алынды. Жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары