18.07.2023, 12:40

БҚО-да инвестициялық компания атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды

Фото: Pixabay
Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады.

Қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша "Chia Tai Pharmaceutical" компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА БҚО бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берді. 

Сонымен бірге, "Chia Tai Pharmaceutical" жеке тұлғалардан ақшаны алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. 

Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады.  

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. 

Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз, - делінген агенттік хабарламасында.