$ 494.87  520.65  4.91

Серік Күдебаев өз кінәсін толық мойындады

Ол жаза ретінде өзіне айыппұл салуды сұрады.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ

Алматы облысы Кеген аудандық сотында экс-генерал Серік Күдебаевқа қатысты іс қаралып жатыр. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінген. Сотталушы өкініп, өз кінәсін толық мойындады,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мен өз кінәмді толық мойындаймын, - деді С.Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.

Адвокаттың айтуынша, істі қарау барысында экс-генерал өзіне тағылған айыпты мойындаған.

Осыны, сондай-ақ Серік Күдебаевтың сотталғанын ескере отырып, қорғаушы тарап оған 500 АЕК (1 млн 725 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде балама жаза тағайындауды сұрады.

Адвокат оның қорғаушысы қылмыскер емес екенін, өз қателігін түсінгенін атап өтті.

Бұған дейін сотталушы процестік келісім жасағысы келетінін айтып өтініш білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын.

Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

Ол биылғы 30 наурыз күнгі сот отырысына келмеді. Сондықтан оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты.

Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, Талдықорған қалалық соты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялады.

27 сәуірде Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша  күдікті ретінеде ұсталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары