$ 444.22  476.38  4.82

Синоптиктер елімізде күннің күрт суытатынын айтып отыр

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, алдағы күндері еліміздің басым аумағында күн қайтадан күрт суытады. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасы мәлімдеді.

Облыстардың басым бөлігінде қар жауып, қатты бұрқасын соғады. Оңтүстікте көктайғақ болып, ауаның температурасы әдеттегіден 5-10 градус төмендеуі мүмкін. Жел күшейіп, кейбір өңірде боран соғады. Синоптиктердің хабарлауынша, жолда көру мүмкіндігі едәуір қиындайды. Ауа райының салқындауына Карск теңізінен келетін суық ауа ағыны әсер етеді.

Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Ертең Астанада күн бұлтты болады және қар жауады, бұрқасын байқалады. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Желдің күші – 9-14 м/с. Таңертең ауа температурасы -12-14 градус аяз болады. Ал күндіз тағы төмендейді. Алматыда түнде ауа температурасы -5-7 аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады. Пікір қалдырыңыз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары