20.07.2023, 10:40

Қызылордада бір жасар баланың тұсауы ауруханада кесілді

Фото: Қызылорда облыстық балалар ауруханасы
Ауруханада ауыр жағдайда түскен.

Қызылорда облысының ауруханасында өлімнен аман қалған баланың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дәрігерлердің айтуынша, бір жасар бала ажал құша жаздаған. Ауруханада ауыр жағдайда түскен. Үйінде бадам жаңғағын жеп отырғанда шашалып қалған. Жаңғақ кеңірдегіне түсіп, тыныс алу жолын бітеп тастаған. Бала тұншыға бастайды, сатурациясы төмендеп, жүрек соғуы әлсіреген.

Баланы кезекші реаниматолог-анестезиолог Игорь Михайлович Самсонов пен хирург Самат Сайлайұлы Шуахбаев құтқарды. Олар шұғыл өте күрделі ота жасады. Бір сағат бойы арпалысты. Баланың өмірін сақтап қалды, - дейді дәрігерлер.

Ата-ананың өтініші бойынша ауруханада кішкентай ұлға тұсаукесер жасалды.

"Біз баланың тұсауын Самат Сайлайұлының кескенін қаладық. Осылайша, баламызды құтқарған дәрігерлерге құрмет көрсеткіміз келді. Біз үшін де бұл - үлкен абырой", - дейді баланың анасы.