$ 443.37  474.49  4.83

Мектептегі кейбір пәндердің оқу бағдарламасына өзгеріс енгізілді

Орыс тілі және басқа да бірқатар пән бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Оқу-ағарту министрінің 2023 жылы 5 шілдедегі бұйрығымен орыс тілі және басқа да бірқатар пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді туралы, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақ мектептерінде бастауыш білім беру сыныптарына арналған «Орыс тілі» пәні бойынша, 3-4 сыныптарына арналған «Ағылшын тілі», Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәні бойынша; бастауыш сыныптарына «бейнелеу өнері», «еңбекке баулу» және «көркем еңбек» пәні бойынша оқу бағдарламалары баяндалған.

«Орыс тілі» және француз тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

2-3-4 сыныптарда аптасына 2 сағат, оқу жылына 72 сағат.

«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта-ІІ жартыжылдықтан бастап аптасына 1 сағат, оқу жылында 19 сағат;

2-3-4 сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағат;

2-3-4 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары