$ 442.05  474.14  4.74

Хромтауда өтіп бара жатқан адамға оқ атқан бұзақы ұсталды

Күдіктінің Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Түнгі сағат 02:00 шамасында полицияның “102” пультіне Хромтау қаласы Жұбанов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адам өтіп бара жатқан адамға оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктіні ұстау үшін дереу оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Полицейлер ер адамның қылмыстық әрекеттерін əрі қарай жалғастыруының алдын алды. Полиция қызметкерлері Мақсат Дастан мен Жылқайдар Жұлдызбек өз өмірлерін қатерге тігіп, оқ атқан адамды ұстады. 

Күдіктінің Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды. Белгілі болғандай, мас күйдегі күдікті әйелімен жанжалдан кейін көпқабатты үйдің ауласына шығып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға оқ атқан. 

Жәбірленуші иығынан жарақат алды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары